» » Норвегия мектеп оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу қойды

Норвегия мектеп оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу қойды

Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу енгізді. Ел үкіметі мектептерде жасанды интеллект технологияларын пайдалануға қатысты жаңа ережелер қабылдады. Жаңа талаптар келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билік өкілдерінің пікірінше, балалар алдымен оқу, жазу және есептеу сияқты негізгі дағдыларды толық меңгеруі тиіс. Ал нейрожелілермен ерте танысу бұл қабілеттердің қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін.
Жаңа ережеге сәйкес, шектеулер бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушыларға қатысты болады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге жасанды интеллект құралдарын тек мұғалімдердің бақылауымен пайдалануға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану дағдылары үйретіледі. Бұдан бөлек, Норвегия билігі мектеп бағдарламасына баспа кітаптарын көбірек енгізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елімізде 7 мыңға жуық сайтқа шектеу қойылғанын мәлімдеген болатын.


22 маусым 2026 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 210
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 395

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30