» » Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі

Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі

Француздық режиссер Ромен Гаврас «ғасыр ұрлығы» деп аталған Луврдағы атышулы ұрлық туралы фильм түсіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Режиссер қазірдің өзінде сценаристер Симон Жаке мен Мурад Винтермен бірге жұмыс істей бастаған. Қазір фильмнің ресми атауы да, прокатқа шығу күні де жарияланған жоқ. Алайда инсайдерлер премьера 2028 жылы өтуі мүмкін деп болжайды.
Ромен Гаврас «Афина» және «Әлем сенікі» («Мир принадлежит тебе») фильмдерімен, сондай-ақ Канье Уэст, M.I.A. және Jay-Z үшін түсірген клиптерімен танымал.
Еске салсақ, 2025 жылдың қазанында қарақшылар Лувр музейінің жоғарғы қабатындағы француз корольдік әшекейлері сақталған Аполлон галереясын тонаған.
Қаскөйлер жүк көлігіне орнатылған баспалдақ арқылы терезеден кіріп, жоғары деңгейде қорғалған екі витринаны бұзып ашқан. Олар тоғыз экспонатты, соның ішінде патшайымдар Мария-Амелия мен Гортензияға тиесілі гауһар мен сапфирден жасалған әшекейлер жиынтығын ұрлап кеткен.
Ұрланған зергерлік бұйымдардың құны бастапқыда шамамен 88 миллион еуроға бағаланған.
Кейіннен жергілікті БАҚ Луврдағы ұрлықтың қауіпсіздікке қатысты болғанын жазды. Бейнебақылау серверлерінің құпиясөзі «Louvre» сөзі болған, ал қауіпсіздік жүйесі әлі 2003 жылғы бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеген. Осыдан соң Қазақстандағы барлық музейлерде қауіпсіздік талаптарына қатысты тексеру жүргізілген болатын.
20 мамыр 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30