Құрылтай
» » Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз ұлы Адам Қадыровты марапаттады. Республиканың ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаевтың мәліметінше, Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыровқа «Шешен Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровты еске алу» медалі табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz
«Марапат Адам Рамзановичке Отанның қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Оның басшылығымен Шешен Республикасында тұрақты даму мен халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалып келеді», деп жазды Ахмед Дудаев.

Адам Қадыровтың саяси қызметі мен марапаттары

Сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің Шешенстандағы басқармасына куратор болып тағайындалды. Осыдан кейін ол ведомствоның ішкі қауіпсіздік бөлімінің жаңа басшысын бекітіп, бірқатар қызметкерге марапат тапсырды. Кейінірек Рамзан Қадыровтың ұлы Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
2023 жылдың қараша айында, 15 жасында, Адам Қадыров әкесінің қауіпсіздік қызметінің басшысы болған. Кейін ол Ресей рекордтар кітабына өңір басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас тұлға ретінде енді.
18 жасқа дейін Адам Қадыров Шешенстанның ең жоғары марапаты – Қадыров орденін, Шешенстан Батыры медалін, Қарашай-Шеркешия мен Қабардин-Балқария алдындағы еңбегі үшін ордендерді, Татарстандағы маңыздылығы жағынан екінші саналатын «Дуслык» орденін, «Шешен Республикасының қорғаушысы» медалін және басқа да марапаттарды алған.
31 желтоқсан 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31