Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды

Ресейде Whatsapp жұмысына шектеу қойылды

WhatsApp өкілі Ресейде мессенджердің жұмысына шектеу қойылғанын растады. Соған қарамастан, қосымша Ресей Федерациясында ең танымал байланыс құралы болып қала беруде. Әсіресе ата-аналар мен жұмыс топтарының чаттары ресейліктер арасында кеңінен қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мессенджерді әзірлеушілердің айтуынша, Ресей билігі WhatsApp қызметін шектеуге кіріскен.
«WhatsApp-қа қолжетімділікті шектеу арқылы Ресей үкіметі 100 миллионнан астам адамды жеке сөйлесу құқығынан айыруға тырысуда. Бұл қадам мереке қарсаңында жасалып отыр», деді компания өкілі халықаралық Reuters агенттігіне 23 желтоқсанда.
Оның айтуынша, қосымша Ресейдің әрбір аймағында адамдардың күнделікті өміріне терең енген: ата-аналар чатынан бастап, жұмыс топтарына, достармен, көршілермен және туыстармен байланысқа дейін.
«Біз қолданушыларымызды қорғауға міндеттіміз. Себебі адамдарды мемлекет ұсынған, қауіпсіздігі төмен қосымшаларды пайдалануға мәжбүрлеу олардың жеке қауіпсіздігін әлсіретеді», деп қосты өкіл.
Ресейде WhatsApp жұмысы тамыз айынан бері жүйелі түрде бұғатталып келеді. Сол кезде-ақ көптеген қолданушылар үшін қоңырау шалу мүмкіндігі жабылған еді.
28 қарашада Ресейдің байланыс саласын қадағалайтын орган – Роскомнадзор егер компания ресейлік заң талаптарын орындамаса, яғни құқық қорғау органдарымен ынтымақтаспаса, мессенджерді толық бұғаттайтынын ескертті.
22 желтоқсаннан бастап ресейлік қолданушылар қосымшада ақауларға шағымданды. РБК дереккөзіне сүйенсек, Роскомнадзор WhatsApp жұмысын 70–80% деңгейінде әдейі баяулатқан.
24 желтоқсан 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031