» » Әйгілі «Үйде жалғыз» фильмі үлгісіндегі пряник үйі Гиннес рекордын орнатты

Әйгілі «Үйде жалғыз» фильмі үлгісіндегі пряник үйі Гиннес рекордын орнатты

Disney+ және Hulu стримингтік сервисі аталған фильмдегі МакКаллистерлер отбасының үйі үлгісінде жасалған пряник үйін тұрғызып, Гиннестің әлемдік рекордын тіркеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нысан биыл 18-19 желтоқсанда Лос-Анджелес қаласындағы Голливуд бульвары мен Вайн-стрит қиылысында ашылған. Гиннестің рекордтар кітабының төрешісі Британи Данн аталған жетістікті 18 желтоқсанда ресми түрде растаған.
Пряник үйінің биіктігі 7,8 метрді, ені 12,8 метрді, ұзындығы 17,6 метрді құрады. Құрастыру барысында 2,6 тоннадан астам бидай ұны және 4,2 мыңнан аса жұмыртқа пайдаланылған. Құрылым 4,4 мың пряник тақтайшасынан және шамамен 800 шатыр элементінен тұрады.
WDWNT жазуынша, жаңа нысан 2013 жылы Техаста Traditions Club клубы орнатқан алдыңғы рекордтан асып түскен.
23 желтоқсан 2025 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30