» » Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады

Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады

Фото: Ашық дереккөз
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкіндік берді. Жаңа тәртіп 30 күнге дейін есептелген сапарларға қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей президенті Владимир Путин қол қойған жарлыққа сәйкес, Қытай азаматтары 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Ресейге визасыз кіріп-шыға алады. Жеңілдік өзара негізде енгізіліп отыр және демалыс, іскерлік келіссөздер, ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық және спорттық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ транзитпен өту секілді сапар түрлеріне таралады.
Визасыз режимді пайдалану үшін Қытай азаматының жарамды төлқұжаты болуы жеткілікті.
Алайда бұл тәртіп жұмыс істеу, оқу немесе тұрақты тұру мақсатында келетіндерге қолданылмайды. Сондай-ақ,  халықаралық автокөлік қатынасы саласында жүрген жүргізушілер, экипаж мүшелері, жүк экспедиторлары мен аудармашылар да визасыз кіру құқығына ие болмайды.
Қытай тарапы да бұған дейін дәл осындай режим енгізген болатын. Екі елдің визасыз келісімі 2026 жылдың қыркүйегіне дейін күшінде болады.
02 желтоқсан 2025 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930