» » Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты

Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты

Фото: istockphoto.com/
Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қызметке қабылдау жасына қатысты шектеуді өзгертті. Жаңартылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа дейін көтерілді. Ал магистрлік не докторлық дәрежесі бар азаматтар үшін бұл меже 40 жастан 43 жасқа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.
2026 жылы Қытайдың орталық мемлекеттік органдары мен оларға бағынысты құрылымдарға барлығы 38 100 жаңа қызметкер қабылдау жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 602 адамға аз, яғни 2019 жылдан бергі алғашқы қысқарту болмақ.
Соған қарамастан, ел билігі жас мамандарды жұмысқа тартуға ерекше назар аударып отыр. Ұсынылған бос орындардың шамамен 26 мыңға жуығы соңғы жылдары жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектерге арналған.
Мамандық иелерінің жас шегін кеңейту жөніндегі шешім Қытайдың зейнет жасын кезеңдеп арттыру бағытымен үндес.
17 қазан 2025 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930