» » Президент Қ.Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

Президент Қ.Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің жиырмадан астам мемлекет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.
Парадқа  10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құрылымы қатысты.
Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қолданылатын стратегиялық жаңа қару-жарақ түрлері алғаш рет көрсетілді. 
Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұшқышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қарсы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энергия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныстырылды.

03 қыркүйек 2025 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930