» » Тәжікстанда балгерге барғандарға айыппұл салынады

Тәжікстанда балгерге барғандарға айыппұл салынады

Тәжікстан билігі халық арасында кең тараған балгерлік пен көріпкелдікке қарсы күресті күшейтті. Asia-Plus мәліметінше, енді тек балгерлер ғана емес, олардың «қызметін пайдаланған» азаматтар да жазалануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа нормаға сәйкес, балгерге барғандарға 375-тен 750 сомониге дейін (шамамен 21 900-43 800 теңге) айыппұл қарастырылған.
Бұған дейін, 2024 жылы, балгерлердің өздеріне қатысты жаза қатайтылған еді. Қазір олардың қызметі үшін 7,5 мың сомониге дейін айыппұл (шамамен 438 мың теңге) немесе 15 тәулікке қамау жазасы қолданылады. Ал қайталанған жағдайда бұл жаза әлдеқайда ауырлап, 150 мың сомониге дейін айыппұл (шамамен 8,7 млн теңге) немесе 2 жылға дейін түрме жазасына әкелуі мүмкін.
Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің дерегінше, балгерлердің қызметін пайдаланғандар арнайы базаға тіркеліп жатыр. 2025 жылдың алғашқы алты айында 495 жағдай ресми түрде анықталған.
Мамандардың айтуынша, бұл қадамның негізгі мақсаты халықты алдап, ақша табатын жалған «емшілер» мен «көріпкелдердің» жолын кесу. Дегенмен қоғамда мұндай қатаң шараға қатысты әртүрлі пікір бар: біреулер халықты қорғау үшін қажет десе, енді біреулер бұл сенім бостандығына шектеу қояды деп санайды.
19 тамыз 2025 ж. 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 808
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 529

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930