» » Ғалымдар алыс ғаламшардан тіршілік белгісін тапты

Ғалымдар алыс ғаламшардан тіршілік белгісін тапты

Ғалымдар Жерден 124 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан К2-18b экзоғаламшарынан тіршілік белгісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Кембридж университетінің ғалымдары "Джеймс Уэбб" телескобын пайдалана отырып, K2-18b экзоғаламшарының атмосферасынан тірі организмдер өндіретін екі молекуланың – диметилсульфид пен диметилдисульфидтің бірінің ізін анықтады. Жерде бұл газдарды теңіз фитопланктондары мен бактериялар шығарады.
"Бұл сол жерде тірлішік бар екенінің ең сенімді дәлелі. Бұл белгіні бір-екі жылда растай аламыз дер едім", – дейді профессор Никку Мадхусудхан.
Мадхусудхан бір зерттеудің өзінде қаншама газ анықталғанына таңғалып отыр. Ғалымдардың болжамы дұрыс болса, K2-18b-де тіршілік қайнап жатыр.
"Бұл газдың атмосферадағы мөлшері, біздің бағалауымызша, Жердегіден мыңдаған есе көп", – дейді ол.
Бұл жаңалық Жерде ғана емес, бүкіл галактикада тіршілік бар екенін растауға тиіс. Ғылыми қауымдастықты сендіру үшін ғалымдарға нәтижеге "бес сигма" немесе 99,99999% сенімділік қажет болады ("бес сигма" критерийі негізінде ғалымдар "нағыз жаңалықты" "әлеуетті қызық әсер көрсеткішінен" ажыратады). Соңғы нәтижелер "үш сигма" немесе 99,7 пайызға тең болып тұр, бұл 18 ай бұрын қол жеткізілген "бір сигма" немесе 68 пайызға қарағанда әлдеқайда жақсырақ.
"Жер бетінде оны мұхиттағы микроорганизмдер өндіреді, бірақ нақты деректер болса да, біз оның бөтен ғаламшарда биологиялық түрде өндірілгенін айта алмаймыз, өйткені ғаламда көптеген күтпеген нәрсе болып жатыр және біз бұл ғаламшарда осы молекулаларды тудыруы мүмкін басқа қандай геологиялық белсенділік болып жатқанын білмейміз", – деп түсіндірді Эдинбург университетінің профессоры Кэтрин Хейманс.
Ғалымдар диметилсульфид пен диметилдисульфид басқа қандай жағдайларда өндірілуі мүмкін екенін анықтап жатыр. Бұдан бөлек қазір ғалымдар арасында экзоғаламшардың құрамы жөнінде қызу талқы жүріп жатыр.
K2-18b экзоғаламшары Жерден екі есе үлкен және бізден 124 жарық жылына тең (700 триллион миль) қашықтықта Арыстан шоқжұлдызында орналасқан.
18 сәуір 2025 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930