» » Эверестке шығу бағасы қымбаттайды

Эверестке шығу бағасы қымбаттайды

Непал үкіметі соңғы онжылдықта алғаш рет бағаны 36 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Енді 2025 жылдың қыркүйегінен бастап әлемнің ең биік шыңы Эверестке (8 849 метр) шығу үшін қалтаңызда 15 мың АҚШ доллары немесе 8 млн теңгеге жуық қаражатыңыз болуы керек, деп жазады Egemen.kz
Business Insider хабарлағандай, бағаның өсуі көктемгі маусымға (сәуір-мамыр) ғана емес, басқа да кезеңдерге әсер етеді. Күзгі маусымда (қыркүйек-қараша) Эверестке шығу құны енді 7 500 доллар (бұрын 5 500 доллар) болса, ал қысқы маусымда (желтоқсан - ақпан) ең биік шыңды бағындыру 3 750 долларға (бұрын 2 750 доллар) дейін өсті.
«Рұқсат беру ақысы ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған. Қазір оны жаңарту жолдарын қарастырып жатырмыз», деді Непалдың туризм департаментінің басшысы. 
Мемлекет қосымша қаражат бірден бірнеше мәселені шешуге жұмсалатанын атап өтті:
  • Елдің кірісін арттыру;
  • Альпинистердің қауіпсіздігін жақсарту;
  • Экологиялық проблемалармен күресу.
Бағаның көтерілуіне көптеген адамдар оң пікір білдірді. Осы саладағы сарапшылардың айтуынша, қосымша қаражат қоршаған ортаны қорғауға және Эвересттегі қауіпсіздікті жақсартуға жұмсалады.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең биік тауға шығу құны 11 мың АҚШ доллары, яғни 6 млн теңгені құраған. 
24 қаңтар 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031