» » Нью-Делиде Абайдың туған күні атап өтілді

Нью-Делиде Абайдың туған күні атап өтілді

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай көшесінің (Abai Marg) жанында орналасқан «Сан-Мартин» астаналық саябағының аумағында 2022 жылы салтанатты түрде ашылған Абай бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Үндістандағы дипломатиялық миссиясының қызметкерлері мен шет елдердің дипломаттарынан басқа Үндістанның «Сахитья Академи» ұлттық әдебиет академиясының жетекшісі доктор К. Сринивасарао қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Абай Құнанбайұлының хинди тіліне аударылған және 2022 жылы Елшілік қайта басып шығарған «Қара сөздер» кітабының 50 данасын Академияның кітап қорына табыс етті.
Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» алғаш рет 1995 жылы Үндістанда ақынның 150 жылдығын тойлау аясында «Сахитья Академимен» хинди тіліне аударылғанын айта кеткен жөн.
Абай Құнанбайұлының бюсті 2022 ж. 2 маусымда Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхинің, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, БАҚ пен іскер топтардың, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен Үндістан астанасының тұрғындарының қатысуымен ашылды.
Нью-Делидегі Абай атындағы көшенің (Abai Marg) ресми ашылу рәсімі 2002 ж. ақпанда өтті.
baq.kz
10 тамыз 2024 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031