» » NASA мен SpaceX халықаралық ғарыш стансасын Тынық мұхитына құлатпақ

NASA мен SpaceX халықаралық ғарыш стансасын Тынық мұхитына құлатпақ

Фото: roscosmos.ru/Халықаралық ғарыш стансасы
NASA ұйымы халықаралық ғарыш стансасын пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін орбитаға шығаруды Илон Масктың SpaceX компаниясына тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Калифорниялық компания 430 тонналық орбиталық платформаны Тынық мұхитына түсіру үшін арнайы құрылғы құрастырады.
NASA мен SpaceX арасында жасалған келісімшарт бойынша жұмыстың құны шамамен 850 миллион долларды құрайды.
Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) алғашқы элементтері 1998 жылы ұшырылды. Станса 400 шақырым биіктіктен жерді 90 минут сайын айналып шығады. 25 жылдан астам уақыт ішінде кемеде мыңдаған ғылыми эксперименттер жүргізілген.
Инженерлердің айтуынша, ХҒС әзірше сенімді, бірақ оны утилизациялау жоспарын қазірден дайындай беру қажет. Станция өз бетінше қалдырылатын болса, ол белгілі бір уақытта жерге қайта құлайды, егер ол халық тығыз орналасқан аймақта құласа үлкен апат болуы мүмкін.
"Халықаралық ғарыш станциясын қондыру үшін америкалық құрылғыны таңдау NASA мен оның халықаралық серіктестеріне станцияның жұмысы аяқталғаннан кейін жер орбитасына қауіпсіз түрде түсіруді қамтамасыз етеді", – деді NASA-ның ғарыштық операциялар жөніндегі директоры Кен Бауэрсокс.
ХҒС жобасын АҚШ мен Ресей бірге басқарады, көмекші рөлдерді Еуроодақ, Канада және Жапония атқарады. Батыс елдері станцияны 2030 жылға дейін қаржыландыруға келіссе, Ресей жобаны кем дегенде 2028 жылға дейін қаржыландыратынын мәлімдеді.
29 маусым 2024 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031