» » Әлемдегі ең әдемі қыз таңдалды

Әлемдегі ең әдемі қыз таңдалды



Мумбайда "Әлем аруы" сұлулық байқауы аяқталды. Биыл чехиялық ару бас жүлдені иеленді. Ол - 24 жастағы Кристина Пышкова, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құны 45 миллион теңгеге жуық тәж бен "Әлем аруы" атағы үшін биыл 115 елдің өкілдері бақ сынады. Нәтижесінде Чехиядан келген модель Кристина Пышкова үздік атанды.

Пышкованың екі жоғары білімі бар, сонымен қатар, қайырымдылық шараларына белсенді қатысқаны, Танзанияда ерікті ретінде мектеп салуға көмектескені айтылады.

Сондай-ақ, ол тоғыз жыл өнер академиясында оқыған, бала кезінен халық биін билейді, флейта мен скрипкада ойнауды біледі және оркестрмен бірге өнер көрсетті.

Бұған дейін Чехия "Әлем аруы" байқауында бір рет жеңіске жетті. 2006 жылы бұл атаққа осы елдің өкілі Татьяна Кухаржова ие болды.

massaget.kz
10 наурыз 2024 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 960
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 195

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031