» » Жеті рет өлімнен аман қалған: Әлемдегі ең жолы болғыш адам кім?

Жеті рет өлімнен аман қалған: Әлемдегі ең жолы болғыш адам кім?

Ұшақ тұтастай жанып кеткенде де бұл адам 800 метр биіктіктен секіріп аман қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдегі ең жолы болғыш адамның есімі Хорват Фране Селак. Бұлай деп айтуымыздың бірнеше себебі бар. 
Фране Селак алғаш рет 28 жасында өліммен бетпе-бет келген. 1957 жылы ол мінген автобус жолдан шығып, өзенге құлаған. Седак пен жүргізуші шығып үлгеріп, жағаға дейін жүзіп барған.
Апат 1962 жылы Сараеводан Дубровникке пойызбен сапар шегу кезінде де қайталанды. Тас рельстерге құлап, пойыз рельстен шығып, қатып жатқан Неретва өзеніне құлаған. Селак купенің терезесін сындырып, вагоннан шығып, онымен бірге келе жатқан танысының өмірін де құтқарып қалған.
1963 жылы Селак науқас анасының жағдайын білу үшін ұшаққа Загребтен Риекаға чартерлік рейске отырады. Рейсте орын болмайды, алайда ол өзінің отбасылық жағдайымен кетіп бара жатқандығын түсіндіріп экипажды өзін бірге алып кетуге көндіреді. Ол ұшақтың артқы жағында Розика есімді стюардессаның жанына жайғасады.
Әуежайдан алыс емес жерде ұшақ техникалық ақаулығына байланысты, биіктігін жоғалтып тасқа соғылады. Құлағанға дейін ұшақтың есігі ашылып кетіп, Селак пен Розика 800 метр биіктіктен жерге құлап аман қалады. Бірақ қалған экипаж мүшелері қаза болды.
1970 жылы Селак көлігімен келе жатып, көлігі аяқ астынан өртене бастаған. Ол жалын жанармай багына жеткенге дейін бірнеше секунд бұрын көліктен шығып, қауіпсіз қашықтыққа жетіп үлгерген.
1995 жылы автобус қағып кетіп, тек жеңіл жарақатпен құтылған.
1996 жылы көлігімен жардан құлап, көлігінен секіріп шығып үлгерген.
2003 жылы Селак лотореялық билеттерді сатып алып, 600 000 фунт ұтып алған.  Бұл қаражатқа үй мен саяжай сатып алып, жақындарына 25 автокөлік сыйлап, қаржылай көмектескен.
Фране Селак 2016 жылы 86 жасында өмірден өткен.
06 сәуір 2023 ж. 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 751

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930