» » Анталияда ащы бұрыш жеуден жарыс өтті

Анталияда ащы бұрыш жеуден жарыс өтті

Анталияда ащы бұрыш жеуден жарыс өтті
Түркияда Анталия провинциясындағы Кумлуджа ауданында ащы бұрыш жеуден жарыс өтті. Бәсеке Республика алаңында ауыл шаруашылығы және жылыжай өнімдері XIX фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Жарыс басталар алдында әдіқазылар алқасы бұрыш сабақтарын таразыға тартып қатысушыларға үлестірді. Сондай-ақ бұрыштың ащылығын азайту үшін қызанақтар мен айран таратты.
Бәсеке шарты бойынша, оған қатысқан 18 адам небәрі үш минуттың ішінде бұрышты неғұрлым көбірек жеуі қажет. Бұған қоса олар үстеріне суық су құйды.
Үш минуттың ішінде 315 грамм ащы бұрышты жеп үлгерген Хасан Оздил жеңімпаз атанды. Екінші орын 299 бұрыш жеген Хусейин Акшитке, ал үшінші орын 279-ын қығытқан Мехмет Атешке бұйырды.
Анталияда ащы бұрыш жеуден жарыс өттіӘкімшілік басшысы Кумлуджа Хусаметтин Четинкаяның хабарлауынша, бәсекенің мақсаты жұртшылық назарын Анталиядағы жылыжай өндірісіне аудару. «Біз дайындаған өнімдеріміздің адам денсаулығына зияны жоқ екендігін көрсетуге тырыстық»,- деп атап өтті ол.

27 сәуір 2018 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 065
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031