» » Қазақстан дүниежүзілік акцияға қатысады

Қазақстан дүниежүзілік акцияға қатысады

Бүгін жер-жерде дүниежүзілік «Жер сағаты» акциясы өтіп жатыр. Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Жер сағаты» - дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.
Аталған шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.
Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді. Биыл Қазақстанда өтетін «Жер сағаты» акциясы экотуризм тақырыбына арналып отыр.
Экотурист болу үшін табиғатты сақтауға және жергілікті халықтың экономикалық дамуына үлес қосу керек.
Сондай-ақ, акция барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ақорда» резиденциясы, Бәйтерек, Триумфалды арка, «Астана Опера», Назарбаев Университетінде және қаланың басқа да ірі нысандарында бүкіл электр энергиясы өшіріледі. Ал, Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйінің ғимаратында, ҚБТУ және тағы басқа ірі нысандарда жарық уақытша сөндіріледі.
Айта кетсек, дүниежүзі бойынша өтетін экологиялық акцияға кез келген адам қатысып, үлесін қоса алады. Ол үшін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:30-да 1 сағатқа ғимараттың (тұрғын үй, мекеме тағы сол сияқты) жарығын сөндіру керек.



27 наурыз 2022 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930