» » Робот-хирург адамның көмегінсіз ота жасады

Робот-хирург адамның көмегінсіз ота жасады

АҚШ-та Джонс Хопкинс университетінің мамандары әзірлеген Smart Tissue роботы адамның араласуынсыз шошқаға сәтті операция жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Smart tissue Autonomous Robot (STAR) роботты жүйесі адамның көмегінсіз анастомоз, ішек тұтастығын қалпына келтіру операциясын жасай алды. 
Машина шошқаға операция жасап, ішектің бөліктерін біріктіріп, тігістер салған. Ғалымдардың айтуынша, робот осындай төрт операцияны сәтті жасаған.
Мамандар анастомоз дәлдікті талап ететін, өте күрделі операция екенін айтты. Кез келген ұсақ қателік ағзаға үлкен зақым келтіруі мүмкін. Ал бұл робот адамдарға қарағанда отаны алғаш рет тез әрі сәтті жасаған.
Робот пациенттің денесінің үш өлшемді картасын жасай алатын жақын инфрақызыл және құрылымдық жарық камераларымен жабдықталған. STAR құрастырушысы Аксель Кригер болашақта робот кішігірім кесулер арқылы ісіктерді алып тастау сияқты күрделі операцияларды жасай алатынын айтты.
Кригер сонымен қатар алдағы уақытта медицинада бұндай роботтардың пайда болатынын сеніммен айтты. Мұндай жүйелер дәстүрлі операциялық бөлмелерден тыс ауруханаға барар жолда жедел жәрдем қызметін жақсы атқаратынын жеткізді.
30 қаңтар 2022 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930