» » БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

БАӘ-де төрт жарым күндік жұмыс кестесі енгізілмек

Біріккен Араб Әмірліктері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап батыстың жұмыс кестесіне ауыспақ. Енді бұл ел тұрғындары аптасына 4,5 күн жұмыс істейді. Яғни келер жылы, арабиялықтар сенбі, жексенбі мен жұманың жартысында демалады. Бұған дейін демалыс тек жұма мен сенбі күндеріне сәйкес келетін. Осылайша Дубай батыстағы экономикалық серіктестерімен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұма - исламдағы қасиетті күн, сондықтан Парсы шығанағындағы және араб елдерінің басым бөлігінде демалыс күндері жұма мен сенбі немесе бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді. 
БАӘ демалыс күндерін сенбі мен жексенбіге ауыстырған Парсы шығанағындағы алғашқы мемлекет болды.
Дегенмен, ел халқы жұманың жарты күнінде демала алады. Бұл күні мемлекеттік компаниялар 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің намаз оқуына мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. 
Ислам заңдарына сәйкес, жұма намазы кезінде жұмыс істеу тыйым салынған. Бірақ жұма намазына дейін және кейін дұға етуге болады. 
Сондай-ақ, БАӘ аптасына 4,5 күн жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы ел болып тіркелді. Бұл ереже тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Ел билігі жеке меншік секторына қатысты мәлімдеме жасамады. 
08 желтоқсан 2021 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031