» » ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) төтенше жағдайда коронавирусқа қарсы үндістандық Covaxin вакцинасын қолдануды мақұлдады. Вакцинаны Bharat Biotech компаниясы жасап шыққан, деп хабарлайды "РИА Новости"

ковид вакцина
"ДДСҰ төтенше жағдайда Bharat Biotech компаниясының "Covaxin" вакцинасын қолдануға рұқсат берді. ДДСҰ құрған сарапшылар тобы бұл вакцинаның COVID-19-дан қорғау бойынша барлық стандарттарға сай келетінін атады. Сонымен қатар вакцинаның пайдасы келер қауіптен жоғары болғандықтан, барлық әлемде қолдануға болады", - деп жазылған ұйымның Twitter-дегі жазбасында.
ДДСҰ "Covaxin" вакцинасын 18 жастан асқандарға екі дозасын төрт апталық интервалмен салуға кеңес береді.
Bharat Biotech компаниясы өткізген клиникалық зерттеулердің үшінші фазасы вакцинаның COVID-19-ға қарсы тиімділігі 77,8% екенін көрсеткен. Ал коронавирустың ауыр формасына қарсы тиімділігі 93,4%, ауру белгісі байқалмайтын науқастарда 63,6% көрсеткен. Препараттың "дельта" штаммына қарсы тиімділігі дәл осындай болған. 
"Covaxin" 16 мемлекетте тіркелген, 50 елде вакцинаны мақұлдау процессі жүріп жатыр. Үндістанда компания вакцинаның өндірісін төрт нысанға бөлген. Жылдық өндірісті 1 млрд дозаға жеткізу мақсатында әрі қарай да ұлғаюды жоспарлап отыр.
Препаратты жүкті әйелдерге қолдануға болмайды, себебі зерттеу нәтижелері бұл үшін әлі жеткіліксіз.
04 қараша 2021 ж. 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031