» » Әлемде коронавирус жұқтырған адам саны 125 млн-нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырған адам саны 125 млн-нан асты

Дүниежүзі бойынша коронавирус індетіне шалдыққан адамдардың саны 125 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


ТАСС агентігінің хабарлауынша, 26 наурызда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:44-те) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 125 160 255 адамның коронавирусты жұқтырғаны және 2 748 737 адамның одан қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Осылайша аталған індетке шалдыққандар саны 614 570, ал қайтыс болғандар на 9396 саны артқан. 
Сондай-ақ, тәулік ішінде 614 мыңнан астам адам КВИ-мен ауырған, бұл 24 қаңтардан бері есепке алғанда жоғары көрсеткіш болып отыр. 
ДДҰ-на келіп түскен мәліметке сәйкес, тәулік ішіндегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 44 пайызы Еуропаға (270 451) тиесілі, екінші орында Солтүстік және Оңтүстік Америка (211 620), ал үшінші кезекте Оңтүстік-Шығыс Азия (69 546) елдері болып отыр. 
COVID-19-ға шалдығушылар арасында алдыңғы орында АҚШ (29 718 930) тұр. Одан соң Бразилия (12 220 011), Үндістан (11 846 652), Ресей (4 501 859), Франция (4 351 506), Ұлыбритания (4 319 132), Италия (3 464 543), Испания (3 247 738), Түркия (3 120 013), Германия (2 734 753), Колумбия (2 353 210)  және Аргентина (2 269 877) елі бар. 
Айта кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылғы 28 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 23 310 адам короновирус инфекциясынан (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 811 пациент стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 
КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр;
• 81 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары "қызыл" аймақта тұр. Ал "сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.
28 наурыз 2021 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031