» » Түркия WhatsApp-тан бас тартты

Түркия WhatsApp-тан бас тартты

WhatsApp мессенд­жерінің саясаты өз­геруіне байланысты Түркия хал­қы Telegram платформасына көшіп жатыр. Қол­данушылар WhatsApp-тың жеке ақпаратты бұдан былай Facebook корпорациясына жіберуіне наразы.


Бағдарлама жасаушылар мұны мессенджердің Facebook корпорация­сының құрамына кіруімен түсіндіреді. Ақпаратпен бөлісу нарық талдауы, қолданушылардың талғамы мен жасы туралы ортақ статистика жасау үшін маңызды деседі. Мұны естіген түрік ағайындар қосымшаны өшіріп, жаңа платформа іздеуге кірісті. Бағдарламаны қолданудан бас тартқандар қатарында ел президенті Режеп Тайип Ердоған да бар.
Үкімет Turkcell компаниясы ұсынған BiP мессенджерін қолдануға кеңес берді. Президент әкімшілігі жұмыс топтары сол платформада құрылатынын хабарлады. Президент Р.Ердоған журналистерді отандық қосымшаға өтуге шақырды.
Telegram иесі Павел Дуров кейінгі күндері 25 млн-ға жуық адам қосымшаға тіркелгенін хабарлады. Осылайша, Telegram қолданушылар саны жарты миллиардқа жеткен.
 
14 қаңтар 2021 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930