» » Роналдодан көмек сұраған қарағандылық оқушы қажетті дәрісін алды

Роналдодан көмек сұраған қарағандылық оқушы қажетті дәрісін алды

Дюшенннің бұлшық ет дистрофиясынан зардап шегетін қазақстандық оқушы Аңсар Нұржанов өзіне қажетті дәрі-дәрмек алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы баланың анасы Әсел Instagram-да жазды.
"Аталуреннің алғашқы екі қорабын алдық. Алла тағала ұлыма ем берсін. Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы мырзаға ұлыма көрсеткен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Төрт жыл бойы шайқастық, іздедік, жаздық, сөйледік және қол жеткіздік, берілмедік. Бізбен бірге болған барлық адамға рақмет. Ансар екеумізге күш пен шыдамдылық берсін. Құдайдың көмегімен біз әрі қарай жүреміз. Мақсат бар. Бәрі жақсы болады", - деп жазды Әсел.
Еске салайық, қарағандылық дәрігерлер Аңсарға он жасында "Дюшенннің прогрессивті бұлшықет дистрофиясы" диагнозын қойған. Ата-анасына баласына ешнәрсе көмектесе алмайтынын айтқан.
Балаға сирек кездесетін ауру диагнозы қойылғаннан бастап, отбасының өмірі айтарлықтай өзгерді. Бірақ Аңсардың анасы одан бас тартпайды және ұлының өмірі үшін күресті жалғастырып келеді. Жалғыз проблема - диагностика мен шетелде емделуге көп ақша кетеді, ал ондай қаржы отбасында жоқ.
Баланың анасы танымал кәсіпкерлерге жүгінді, тіпті футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға хат жазды. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарады.
Кейін денсаулық сақтау министрлігі басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 жасар Аңсар Нұржановқа көмек көрсетуді тапсырғанын мәлімдеді.
24 желтоқсан 2020 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031