» » Түркия қазақстандықтардың емделу үшін елге кіруіне рұқсат берді

Түркия қазақстандықтардың емделу үшін елге кіруіне рұқсат берді

20 мамырдан бастап Қазақстан азаматтарына елдің медициналық мекемелерінде емделу үшін Түркия шекарасынан өтуге рұқсат етіледі. Елге кіру үшін коронавирусқа тесті теріс нәтиже көрсеткен сертификат болуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


2020 жылдың 20 мамырынан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат етіледі.
Бұл шешімді түрік үкіметі коронавирустық инфекцияның жаңа түріне (COVID-19) байланысты карантинді жеңілдету шаралары аясында қабылдады.


Сонымен қатар, Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды азаматтары үшін де рұқсат берілген.

Науқастар қолдана алатын қызметтер тізімі анықталды: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, мүшелер мен сүйек кемігін трансплантациялау.
Коронавирус тесті көрсеткен теріс нәтижелері бар пациенттер ғана шекарадан өте алады.

Түркияда емделуге ниет білдірген барлық шетелдіктер туралы ақпарат алдымен Халықаралық медициналық бақылау жүйесінде жария болады және алдын ала растау алғаннан кейін түрік медициналық мекемелерінде емделуге рұқсат беріледі.
17 мамыр 2020 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930