» » Салах қарақшыға көмектесті

Салах қарақшыға көмектесті

Мохаммед Салах – египеттік футболшы, «Ливерпуль» мен Египет ұлттық құрамасының шабуылшысы. Жас кезінен жағдайы болмаса да футболға әуес болған Салах қазіргі таңда тек жасыл алаңдағы ойынымен ғана емес, өзінің аса жомарттығымен де дүйім жұртты таңғалдырып жүр.
Қайырымдылықпен айналысып, қамқорлық көрсету бұл күндері ала доп иелерінің арасында трендке айналғандай. Египеттік «Фараон» бұл істен қапы қалып жүрген жоқ. Ол өзінің ауылы Нагригқа жыл сайын миллиондаған ақша аударумен қатар, мектеп, футбол алаңын салып, спорт кешенін толықтай қамтамасыз етіп отыр. Өз туған жерін бар жан-тәнімен сүйетін патриот футболшы жағдайы төмен жерлестеріне той жасап беру арқылы көмек көрсетеді екен. «Мокавлун» футбол клубының түлегі, Салах 2017 жылдың аяғында египеттік валютаны құтқарып қалушылар қатарынан да табылған. Египет шенеуніктері жедел түрде шетелдік валютаның ел ішінде жетіспеуіне байланысты көмек сұраған. Қол ұшын созушылар қатарынан бірінші болып Салах табылып, еліне 210 мың британдық фунт аудару арқылы Египеттің экономикасын сақтап қалуға көмектескен.
Египеттік футболшының жұрт көңілінен шыққан елеулі істері көп. Соның бірі – ұрлықшыға көмек беруі. 2017 жылды қараша айында Мохаммед Конго құрамасының қақпасына екі бірдей гол соғып, Египет футбол құрамасына Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алып берген күні әкесінің үйіне шабуыл жасалып, құнды заттары қолды болған. Арада бірнеше күн өткен соң құқық қорғау қызметкерлері ізін суытпай ұрыны қолға түсірді. Сонда футболшының әкесі ұрының үстінен шағымданып, арыз жазған. Осы кездегі футболшының ісі талай спортсүйер қауымды таң қалдырды. Ол әкесінен арызды қайтып алуын сұрап, ұрымен жүзбе-жүз кездескен. Әңгіме барысында ұрыға қомақты көлемде қаржылай көмек беріп қана қоймай, оған тұрақты жұмыс орнын тауып берген. Осылайша, Салах адамның дұрыс жолмен өмір сүруіне мүмкіндік беріп, көптеген адамдарға үлгі боларлықтай іс істеді. Қазіргі таңда көптеген жанкүйерлердің көңілінен шығып жүрген Салах алаңда әдемі ойын өрнегін көрсете жүріп, жақсылық жасаудан да қалыс қалып жүрген жоқ.
Аслан Жайқонысұлы

25 қыркүйек 2019 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930