» ЖАҢА ЗАҢ СОТ ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРАДЫ!

ЖАҢА ЗАҢ СОТ ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРАДЫ!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері” бойынша жаңа заңға қол қойып, 3 ақпан 2019 жылы күшіне енді.
Бұл Заң Елбасының “100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет” атты Ұлт жоспары және Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыруға бағытталған. Заң шеңберінде 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізу көзделген. Меншік құқығы, арбитраж институты, сот жүктемесін оңтайландыру мен экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге қатысты түзетулер қарастырылған.
Түзетулердің бірінші тобы меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған. Мәселен, банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етудің тиімді жолдары көрсетілген. Сондай-ақ, азаматтарды әлеуметтік қорғау жағы да назардан тыс қалмаған. Енді заң бойынша қарыз алушы – борышкердің банктік шотынан берешегін өндіріп аларда оның шотында күнкөріс деңгейінің ең төменгі бөлігі көлемінде сома қалдырылады. Ал, өзгерістердің екінші тобында «Төрелік туралы» заңды қолдану практикасында бар проблемаларды шешуге, үшінші тобында сот жүктемесін оңтайландыруға, төртінші тобында экономикалық және салықтық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге байланысты тұжырымдар нақтыланып басқа да түзетулер жалғасын тапқан.
Бұрын соттар қараған азаматтық істердің бір бөлігі енді нотариустарға берілді. Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрін енді нотариустар қарастыратынын көздейді. Бұл - берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбекақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариус куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар. Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан тараптарды әуре-сарсаңға салмау үшін қолға алынып отыр. Сонымен қатар балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиатив келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.
Бұйрық арқылы іс жүргізудің 18 талабының 9-ы нотариатқа берілді. Ал, оңайлатылған тәртіппен іс жүргізудің 12 санаттарының 10-ы бұйрықтық іс жүргізуге көшті.
Сонымен қатар, сот орындаушыларының әрекетіне берілетін 18 санкцияның ішінен сотқа екеуі ғана қалдырылды (күштеп әкелу және елден тыс шығуға тыйым салу).
Банк шоттарына тыйым салуды санкциялау және банк құпиясын құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның өкілеттігіне берілді.
Тиісті өзгерістер Азаматтық процестік кодекске және “Нотариат туралы” заңға меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері заңда жаң-жақты енгізілген. Барлық мүдделі тұлғаларды құқық қолдану тәртібін жаңа заң шеңберінде шешуге шақырамын.

Қармақшы аудандық сотының
төрағасы Кентбаев Дархан Несіпбайұлы
---
27 ақпан 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 080

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031