» Облыс мұғалімдері арасында робототехникадан бірінші олимпиада өтті

Облыс мұғалімдері арасында робототехникадан бірінші олимпиада өтті

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте робототехника саласының үздік педагогін анықтады. NIS-тің бастамасымен өткізілген «RoboCoachCup» бірінші облыстық олимпиадасына Арал, Қазалы, Шиелі, Қармақшы аудандарынан және Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен жаттықтырушылары қатысты.
Қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындай алатын автономды роботтарды құрастырып, байқауда сынап көрді. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды Арал қаласы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің мұғалімі Алтынбек Кикбаев, Қазалыдағы №266 мектеп-лицейінің оқытушысы Ерлан Имбетов және Шиелідегі №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының педагогі Ақтоты Жанайдарқызы иеленді. Екінші орынды облыс орталығындағы №217 IT мектеп-лицейінің ұстазы Тұрар Нағым мен қазалылық мектептен Нұрболат Молдабай бөлісіп алды. Ал ZIS инновация мектеп-лицейінің мұғалімі Гульвира Атамбаева олимпиаданың жеңімпазы атанды.
---
06 сәуір 2023 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031