БҰРЫМ – СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ БІР ҰҒЫМ
Мамандығымыз тілші болған соң әртүрлі жиналыста жүреміз, кейде түрлі сала маманымен әңгіме дүкен құрамыз. Сондай әңгіменің бірінде бір көкеміз бұрымыма қарап «Қызым-ау, өрілген бұрымыңа тәнті болып отырмын, анамды есіме түсірдің. Оның да шашы сенікіндей ұзын болатын. Қазіргі таңда шашы ұзын қыздар азайып...