» » » Үйіңде тыныш жат, бауырым

Үйіңде тыныш жат, бауырым


Мүлгіген тыныштық бар маңай,
Армысың ағайын қал қалай?
Айғай-шу даңғаза дүние,
Бір сәтке тыныш боп қалғаны-ай!

Абыржу көрініп түріңнен,
Шыға алмай жатсың ба үйіңнен?
Далаға жер тарпып елеңдеп,
Адасқан құлындай үйірден.

Сарқылып бара ма сабырың?
Асқынып бара ма зарығың.
Сайтанның сыбырын тыңдамай,
Үйіңде тыныш жат, бауырым.

Сақтықтын қақты елім дабылын,
Үйіңде тыныш жат бауырым.
Ұмытып кетпейік ағайын,
Бірінші байлықтың қадірін.

Ағайын пыстырма ішіңді,
Ойлама бітпеген ісіңді,
Бастысы баянды ету ғой
Мұржаңнан шығатын түтінді.

Іргеге бір жаман дерт қонды,
Қыдырма,нәпсіңді жең енді.
Отбасы үйіне жете алмай,
Бейкүнә қанша жан мерт болды.

Дәрігер болып жүр сартабан,
Мамандар шауып жүр шаршаған.
Үйіңде тып-тыныш отыру,
Қиын боп кетті ме ал саған?

Мезгілсіз көз жұмды қанша адам?!
Ортаға оралмас қайтадан,
Бас аман, денің сау боп тұрса,
Ойын да,күлкі де бар саған.

Бауырым ойыңды салмақта,
Тіліңді өсекпен сайратпа!
Үкімет «халқым» деп қан жұтса,
Жылтыңдап тағы да зарлатпа!

Қырсық кеп қонбасын көлденең,
Жақындап сөйлеспе өзгемен.
Вирустың тарауын тізгіндеп,
Жеңіспен өтейік кермеден.

Қанша өмір қиылды амал жоқ,
Ойласам менің де мазам жоқ.
Ал бірақ дамыған заманда,
Алынбай қалатын қамал жоқ.

Бұл жүк те түседі арқадан,
Мен мұны сеніммен айта алам.
Айқай-шу дарақы тойларың
Асықпа басталар қайтадан.

Ертеңнен болсын тек салымың,
Ұмытпа денсаулық қадірін.
Тамақтың ішіп ап тәуірін
Үйіңде тыныш жат бауырым.

Өткелбай Ордабек
18 шілде 2020 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 071

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031