Аптап ыстық пен найзағай: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
3 тамыз, дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +40°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады. Ал солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Астанада – құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +29...+31°C.
Алматыда – құбылмалы бұлтты, кешке аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.
Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Ақтауда – ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.
Атырауда – ала бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.
Жезқазғанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Қарағандыда – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашынсыз. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Көкшетауда – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Қонаевта – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +40...+42°C.
Қостанайда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.
Қызылордада – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Павлодарда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз бұршақ пен шквал болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.
Петропавлда – бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Жел түнде 7–12 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.
Семейде – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
Талдықорғанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +37...+39°C.
Таразда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Түркістанда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +36...+38°C.
Оралда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Өскеменде – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.

















