Саяси жаңғырудың маңызды жолы

8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі бастамалары мен міндеттеріне тоқталар болсақ.
Біріншісі – бір палаталы парламент жүйесіне көшу. Президент екі палаталы құрылымды реформалап, бірпалаталы парламент құруды ұсынды. Бұл өзгеріс жеті жыл ішінде талқыланып, 2027 жылы референдумға шығарылуы мүмкін деп жоспарланды.
Екіншісі – цифрландыру және жасанды интеллектке басымдық. Елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады, ол Премьер-министрдің орынбасар деңгейінде болады. «Қазақстан – цифрлық ел» деген ұранмен президент алдағы үш жылда жаппай цифрландыруды жүзеге асыруды тапсырды .
Үшіншісі – әлеуметтік қолдау жүйесін қайта қарау. Әлеуметтік көмек жүйесіндегі «масылдық» деген ұғымға нүкте қойылып, жеңілдіктер мен төлемдерді оңтайландыру ұсынылды. Бұл – бюджет тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы .
Төртіншісі – индустрия, ауылшаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі. Өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургияны дамытуға назар аударылады. Келесі үш жылда үш жаңа жоғары технологиялық кәсіпорын ашылуы тиіс. Аграрлық экспортты арттыру мақсатында Вьетнамға алғашқы бидай экспортталды, әрі қарай Ауғанстан мен Пәкістан нарықтарына шығу жоспарда. Астық пен ауылшаруашылығын электронды басқаруға көшіру, «смарт-карго» жүйесін енгізу – логистика мен экспортты жеңілдетудің бір жолы.
Бесіншісі – инфрақұрылым және инвестициялық ахуал. Елде мемлекеттік органдар мен компаниялардың саны көбейгенін айтып, жаңа кадрларды тиімді тарту мен көші-қон саясатын жаңғырту қажеттілігін атап өтті. Инвестицияларды тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу ұсынылды. Екінші және үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды бастау міндеттелді .
Алтыншы – экономикалық әртараптандыру және банк секторы. Банктерге экономикаға инвестиция жасау міндеті қойылды. Сондай-ақ Банктер туралы заңды қабылдау қажет екені ескертілді. Елде мемлекеттік органдар мен компаниялар санының артуы кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіріп жатқанын атап өтті.
Жетінші – халықаралық аренадағы ұстаным. Тоқаев БҰҰ-ның реформалануы жөнінде Қазақстанның белсенді рөл атқаратынын мәлімдеді.
Ел Президентінің Жолдауында экономикалық, әлеуметтік бағыттар ғана емес, саяси жаңғыру – әсіресе Парламент жүйесіне қатысты өзгерістерге көңіл аударылғаны.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бір палатаға негізделген Парламент құруды ұсынды, бұл реформаны жеткілікті талқылау үшін бір жыл уақыт қажет екенін атап өтті. Сондықтан 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуді жоспарлауды ұсынды. Ал қазіргі жағдайда бәрімізге белгілісі Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс (төменгі палата) және Сенат (жоғарғы палата). Мәжілістің депутаттары жалпы сайлаумен, ал Сенаттың депутаттарының 40-ы жергілікті мәслихаттардың тікелей сайлаумен, ал 10-ы Президенттің тағайындауы арқылы бекітіледі. Реформаның енгізілуі Сенаттың болашақ рөлін өзгертеді. Оның әрекеттері референдум нәтижесіне байланысты болады. Президент Қазақстандағы саяси өзгерістердің халықтың нақты келісімінсіз жүзеге аспау керегін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан мұндай ауқымды реформаны жалпыұлттық референдум арқылы бекіту – заңдылық пен демократияның кепілі ретінде қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, бір палаталы жүйеге көшу арқылы партиялардың рөлін күшейту мүмкіндігі артады. Президент Жолдауында Парламент депутаттарының алдыңғы сессиядағы тиімді жұмыстары, халықпен кездесулері және заң жобаларын пысықтауда Үкіметпен үндесіп жұмыс істегендері туралы да ризашылық білдірді. Бұл – Парламенттің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен рөлінің ұлғайғанын көрсетеді, соның ішінде реформаларды жүзеге асыруда парламентаризмнің беріктігі маңызды деп танылғаны байқалады. 2025 жылғы Жолдаудың басты саяси жаңалығы – Парламент құрылымына қатысты реформалық идея. Бұл идеяның жүзеге асуы демократиялық институттардың дамуы мен билік тармақтары арасындағы балансқа жаңа мүмкіндік әкелетінін көрсетеді. Ал оның бақыланатын және ашық талқылау арқылы жүзеге асуы – Қазақстан үшін саяси жаңғырудағы маңызды кезең болуы ықтимал.
Шолпан ДАУЛЕНБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты