» » Аймақ басшысы су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Аймақ басшысы су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысынан кейінгі мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларына су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда ұсталуы тиіс.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Жағдайды қалыпқа келтіріп, шұғыл шаралар қабылдау үшін Республикалық штаб құрылды. Осы жылдың 6 наурызынан бері Қызылорда қаласы аумағында мұз жүре бастады. Атап айтсақ, "Жетікөл-жарма" каналының сағасынан төмен 15 шақырым жерден бастау алды. 22 наурыздан бері облыс аумағындағы Сырдария өзенінің беті мұздан толықтай тазарды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бұған дейін бірнеше мәрте мәжіліс өткізіліп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Су деңгейін әуеден бақыладық. Дегенмен, апат айтып келмейді. Барлық жағдайға дайын болуымыз қажет. Соңғы күндері жаңбыр молынан жауды. Сол себепті су тасқынының алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау қажет", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Мәжілісте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына су тасқынына қарсы іс-шаралардың «Жол картасына» енгізілген 5 ірі жоба бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын пысықтау міндеті жүктелді. «Қазсушар» Қызылорда филиалы теңгеріміндегі су қоймаларының техникалық жағдайына қатысты зерттеулер қорытындысына сүйеніп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болмақ.
Ал, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Жаңақорған ауданы әкімдігімен бірлесіп, "Қыраш" және "Көлтоған" су қоймаларының қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу, "Бесарық" су қоймасынан түсетін суды қабылдауда "Манап" су қоймасының су қабылдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетовке тау бөктерінен түсетін қарғын суды тиімді пайдалану үшін жасанды су қоймаларын салу жолдарын зерделеп, ұсыныс енгізу, Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевқа су тапшылығының жылдан-жылға күрделенуіне байланысты «Құмсай» су қоймасын тиімді пайдалану шараларын қарастыру міндеті қойылды.

Сондай-ақ, облыстық ветеринария басқармасы мал басын өзектендіру жұмыстарын күшейтуі, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жем–шөпті жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алуы керек. Облыстық төтенше жағдай департаментінің, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары ертең облыс аумағындағы барлық су қоймаларының жағдайын зерделеп, қажет болса ұсыныстар енгізуі тиіс.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031