» » Ресей 11,6 га жер телімін Қазақстанға қайтарады

Ресей 11,6 га жер телімін Қазақстанға қайтарады

Ресей Байқоңырда жалға алған 11,6 гектар жерді Қазақстанға қайтарады. Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілді. Енді бұл жер телімін Қазақстан өз мақсатына пайдалана алады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.  Аталмыш хаттама бойынша, Ресей 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатылады. Төрт жер учаскесі Қазақстанның пайдалануына беріледі. "Жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр. Бұл жер телімі Қызылорда облысының дамуы үшіни қажет және облыстың әлеуметтік жағдайы мен экономикасына оң әсерін тигізеді. Аталмыш жерде республикалық маңызы бар нысандардың құрылысы жүреді", - деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.  Айта кетсек, аталған аумақ Ақай мен Төретам елді мекендеріне жақын маңда орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

10 қараша 2019 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031