«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикасы
qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Мемлекет басшысы құқықтық тәртіп органдары басшыларымен кездесу барысында заңдылықты сақтауды, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеруді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар «Заңдылық және Тәртіп» қағидасы қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси жолсілтемесі болуы тиіс деп атап көрсеткен.
Қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық және адам өлтіруге дейінгі құқық бұзушылықтардың барлық түріне бітіспес көзқарасты талап етеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты, вандализмді, дөрекілікті, бұзақылықты қосқанда Заң мен Тәртіптің кез келген бұзушылығына абсолютті қабылдамау атмосферасын қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға қарсы кез келген зорлық-зомбылық фактілерінің жолын нық кесу керек. Өз кезегінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған.
Осы ретте, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау, көшелерде және басқа да қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, осы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында аудан аумағында жергілікті атқарушы органдармен, «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, жастар Ресурстық орталығымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, волонтерлармен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым мүшелерімен және тағы басқа өзара іс-қимылда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ретте, тәртіп сақшылары іс-шара барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді. «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Сондай-ақ бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары атқарылуда.
Аудандық полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі