ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

Қармақшы аудандық Ү.Томанов атындағы №№ 183 орта мектепте 11 қазан күні мектеп директорының қатысуымен латын әліпбиіне көшу туралы жиын болып өтті. Жиында мектеп директры Кенжеева Алтынша сөз алып «Латын әліпбиіне көшу мәселесі Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай көтеріліп келеді.

2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді.

Мектеп басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылғандығы туралы да айтып өтті.

«Қт» ақпарат.

Көрудің саны: 46  

Жаңалықтар