ЖАС ДАРЫН

Жыл сайын елімізде республикамыздың барша азаматтары Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін атап өтеді. Осынау атаулы күн қарсаңында Қызылорда облысының «Азаматтық Альянс» қауымдастығының қолдауымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр филиалы төрайымының ұйымдастыруымен тіл мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» атты аймақтық іс-шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты — мемлекеттік тілге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, дамыту және мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету.           Аталған тіл мерекесіне арналған іс-шара аясында көптеген байқаулар, поэзиялық кештер мен салтанатты жиындар өткізілді. Аймақтық шараға қаламыздағы барлық қазақ мектептерінің, әсіресе біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысып, көптеген байқаулардың жеңімпазы атанды.

Сондай жеңімпаз оқушыларымыздың бірі әрі бірегейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Меңдібаева Ләззат Әлімжанқызының дарынды шәкірті, 5 «Ә» сынып оқушысы – Қолғанатов Ардақ Ақмұратұлы. Ол «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты жазба ақындар мүшәйрасында II орынды иеленді.

 

Айбарша ІЗМӘМБЕТОВА,

№275 орта мектеп мұғалімі.

 

Көрудің саны: 30  

Жаңалықтар