ЗАҢ ЖОБАСЫН ЕНГІЗДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы Қылмыстық-про­цестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Про­куратура туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Олар тұтастай алғанда:
– азаматтардың қылмыстық процесте қорғалу деңгейiн артты­руға және оның жазалау сипатын төмендетуге;
– адвокаттардың процес­суалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға;
– қылмыстық істерді тергеу тәр­тібін жеңілдетуге және қыл­мыстық процестің үнемді болуын қамтамасыз етуге;
– сотқа дейiнгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейтуге;
– сотқа дейінгі тергеу орган­дары, прокуратура және сот ара­сындағы өкілеттіктерді нақты ажыратуға және олардың қайта­ла­нуын болдырмауға бағыт­тал­ған.

Айқын

Көрудің саны: 17  

Жаңалықтар