ЫСТЫҚ ТАМАҚ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Орта мектептерде әрбір оқушы отбасына әлеуметтік куәлік жасалады. Онда оқушының отбасы жағдайы, отбасы мүшелерінің саны анықталады. Осыған сәйкес, балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып, оның сапасы басты назарда ұсталады.

Бала денсаулығы бәрінен қымбат. Сондықтан да оқушыларға берілетін ыстық тағам сапасына бақылау жасаудың орны ерекше.

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Үсенов, К.Раева, аудандық білім бөлімінің инспекторы А.Серікбаева және өзге де партия белсенділері ауданның білім беру мекемелерінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көрсетілетін көмектің (ыстық тамақтың) берілуіне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Жосалы кенті орталығындағы мектептерде оқушылардың ыстық тамағының ұйымдастырылуы, оның ішінде азық-түлік пен шикізат өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы, көп түрлілігі жөнінде әңгіме болды. Тамақтану-мектеп директорының қатысуымен ас мәзірі және кестесі, оның сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды медбике, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, жалпы мектептегі ата-аналар комитетінің өкілі және сынып жетекшілері жүзеге асырады.

Рейд кезінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мектеп асханалары мен аспазшылардың кәсіби біліктілігі, мектептердегі астың тағамдық құндылығы, мөлшеріне назар аударып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Сәрсенкүл АҚКІСІ.

Көрудің саны: 35  

Жаңалықтар