ТІЛ-МЕМЛЕКЕТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

Елбасының алға қойған міндеттерінің ьбірі-үштұғырлы тіл саясаты елімізде сәтті жүзеге асырылуда. Оған жалпы бюілім беру ұйымдары да біркісідей атсалысуда. Осы орайда, ЕНлбасы тапсырмаларын орындауда білім басқармалары мен бөлімдерінің белсенді жұмыстары маңызды рөл атқармақ. Біз жақында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жалғасбайқызымен тілдердің үштұғырлылығына байланысты бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары жайында сұқбаттасқан едік.

-Аудандық білім бөлімінің 2016-2017 оқу жылында үштілділік және ағылшын тілі пәні бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтасың?

-Бөлімге қарасты білім беру мекемелерінде барлығы 129 ағылшын тілі пәні мұғалімі жұмыс жасайды. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2015-2017 жылдары аралығында облыстық оқу орталығының бекіткен тәртіптемесіне сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы филиалының Қызылорда қаласы бойынша білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен барлығы 69 ағылшын тілі пәні мұғалімі біліктілігін арттырады. Ол педагогтардың 53,4 пайызын құрайды. 12 ағылшын тілі пәні мұғалімі 2016-2017 оқу жылында аудан бойынша облыстық оқу орталығының бекітілген тәртіптемесіне сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдірсе, 17 қазан-12 қараша аралығында аудан орталығындағы №250 мектеп-лицей базасында Алматы қаласында «Study Inn» орталығының ұйымдастыруымен инновациялық мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылып, онда 12 педагог біліктілік сатысынан өткізілді. Сонымен қатар, педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен жылдың 6 желтоқсынында №250 мектеп-лицейде білім беру мекемелерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филилаы Қызылорда облысы бойынша білім қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту аспектісі» тақырыбындағы ақылы негізде оқыту семинары ұйымдастырылды. Оған 29 білім беру мекемелерінен 62 мұғалім қатысып, сертификат алды.

-Тәжірбие алмасу, білім жетістіктері жайында не айтар едіңіз?

-Биылғы жылдың 24 тамызында «Қазақстанның жаңғыртуы 3.0-білімнің жаңғыртуы» тақырыбындағы аудандық білім саласы қызметкерлерінің секция отырысына Алматы қаласындағы «InterPress Distribution жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен арнайы маман келіп, ұстыздарға ағылшын тілі пәнін оқыту қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді түсіндірді.

Жетістіктерге келер болсақ,  «Тіл тұнық ойдың кәусары» тақырыбында көп тілді меңгерген жастар арасында олимпиада өткізіліп, онда №277 орта мектепітің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Құрмаш I орын, №26 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ф.Аймашова, №105 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі А.Үсенова II орын, №121 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Садықова мен №27 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі А.Файзуллаева IIIорын иеленіп, мерейлері үстем болды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанда үш тілде білім беруді енгізудің негізгі қағидалары» тақырыбында танымдық шығармашылық байқау өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша №99 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Қожақова бас жүлдені жеңіп алса, I орынға №109 орта мектептен М.Гүлістанова, II орынға №274 орта мектептен Н.Ерболат, №30 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімсі Ж.Есімбекова, III орынмен және II орынды иеленген М.Шаймерденқызы республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Білім бөлімі 2016 жылдың қарашасында аудандық оқушылар үйі базасында «Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған іс-шаралар жоспары бойынша «Үштілділік-заман талабы» тақырыбында 5-6-7 сынып оқушылары арасында байқау өткізді. Қорынтындасында I орынды №275 орта мектептің 6 сынып оқушысы Ж.Сәбихан, II орындарды №99 орта мектептің 7 сынып оқушысы М.Сахиев, пен №30 орта мектептің 7 сынып оқушысы М.Сахиев, пен №30 орта мектептің 7 сынып оқушысы С.Ұзақбаева, III орындарды №183 орта мектептің 6 сынып оқушысы Л.Ермағанбетова, мен №121 орта мектептің 6 сынып оқушысы Л.Ермағанбетова, мен №121 орта мектептің 6 сынып оқушысы Н.Сағаладиновалар олжаласа, №80 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Л.Ермағанбетова, мен №121 орта мектептің 6 сынып оқушысы Н.Сағаладиновалар олжаласа, №80 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы С.Оспанова, №121 орта мектептің 7 сынып оқушысы А.Қайырбекова, №277 орта мектептің 6 сынып оқушысы Б.Баянбаевтар алғыс хатпен марапатталды. 24 қарашада Қызылорда қаласында «Ұла Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты білім басқармасы басшысының іс-шара жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарындағы қазақ тілінен өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің сияволы» тақырыбында өткен облыстық олимпиядаға III Интернационал ауылындағы №108 орта мектептің 9 сынып оқушысы Тен  Надежда (пән мұғалімі Г.Байқазақова) қатысып, жүлделі III орынды иеленді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында осы жылдың 16 мамырында орыс тілін меігерген дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Пушкинские чтения» атты облыстық байқаудың аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыру бөлімінің ұйымдастыруымен аудындық кезеңі өткізіліп, оның нәтижесінде облыстық кезеңге жолдама алған Байқоңыр қаласындағы №274 мектеп оқушысы И.Жалғасов бас жүлдені қанжығасына байласа, №277 мектеп оқушысы Г.Әбдіқаппарова I орын биігінен көрінді.

-Ағылшын тілінің өзге пәндермен қарым-қатынасы қалай жүзеге асырулуда?

-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен педагогикалық шеберлік орталығының ұйытқы болуымен орта білім беру ұйымдарындаңы физика, химия, биология, информатика пәні мұғалімдерін ағылшын тіліне үйрету және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тілдік шеберліктерін дамыту биылғы оқу жылының 4 қыркүйегінін бастап Қызылорда қаласында физика пәнінен 2, химия пәнінен 1, информатика пәнінен-1, ағылшын тілі пәнінен 19 педагог біліктілігін арттыру үстінде.

«Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша 4 қыркүйектен бастап Қазылорда қаласында 10 айлық курс ұйымдастырылып, оған физика пәні бойынша 4, информатика пәні бойынша 3, биология пәні бойынша-3, химия пәні бойынша 3 мұғалім біліктілін жетілдіруде.

Қазіргі таңда үштілділікке байланысты барлығы 36 педагог біліктілігін жаңғыртуда.

-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын тіліне көшу және оның болашағы туралы кеңінен мәселе қозғағаны баршаға мәлім. Осы тұрғыда сіздің пікіріңіз?

-Еліміздегі латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінде барлық бұқаралық ақпарат құралдарында қөызу талқыланып жатқан өткір тақырып десем қателеспеген болармын. Ағылшын тілінің маманы ретінде бұл ұсынысты өте қолдаймын. Уақыт талабы осыны қажет етіп отырса, біз неге көштен ұзап қалуға тиістіміз. жер бетіндегі мемлекеттердің 80 пайызы осы латын әліпбиінде. Мұндай тәжірибелер көршілес мемлекеттердің бірсыпырасында жүзеге асып қойған. Әрине, жаңалыққа алғашында кім болса да үрке қарайтыны рас. Бірақ біз мұны уақыт тудырып отырған қажеттілік деп ұққанымыз ләзім.

-Сұқбатыңызға рахмет айта отырып, жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

Сұқбаттасқан Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА.

 

Көрудің саны: 18  

Жаңалықтар