Сыбайластық сырқат емес, індет

Сыбайластық сырқат емес, індет Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан табылуын басты меже етіп белгілегені баршаға аян. Соған сәйкес, елімізде көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Дүние жүзінің назарын аударған небір халықаралық шаралар өткізілуде. Олардың бәрін тізбелемесек те, бір ғана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айтудың өзі-ақ үлкен мақтаныш екені рас. Алайда, осындай игі істерді атқаруда етектен тартатын кемшіліктер де кездеседі.

Азаматтар тұрмысының сапасын озық мемлекеттердегі деңгейге жеткізуді көздейтін мақсатты жолдағы басты кедергінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы орайда мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың біртіндеп іске асырылып жатқаны да бар. Десек те, бұл індет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін барынша тежейтіні белгілі. Сондай-ақ, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні мәлім. Бұлардың ішінде ең сорақысы, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетіп, сол арқылы мемлекетке қауіп төндіреді. Сондықтан, ең бірінші кезекте адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі еш кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету қажет деп ойлаймыз. Неге десеңіз,  әлемнің ең дамыған отыз елінің өзгелерден басты айырмашылығы күнделікті қарым-қатынастардан туындайтын тұрмыстық жемқорлықты жойып, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта туғызғандығында екен. Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы да  күнделікті атқарып жатырған мемлекттік қызмет түрлерінің сапасына жауапкершілікпен қарап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Үкімет қолға алып  жатқан шараларға оң үлесін қосуда.

А. Ержанов,

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

 

Көрудің саны: 38  

Жаңалықтар