ҰСТАЗ — ҰЛЫ ЕСІМ

Бүгін елімізде ұзтаздар күні аталып өтуде. Осынау айтулы мерекеден Қостанай да шет қалған жоқ. Атап айтар болсақ, облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет сарайында жергілікті ұстаздардың құрметіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дауымова, Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, қалалық білім бөлімінің басшысы Данагүл Сүйіндікова, білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Зияда Ділдабековалар қатысып, мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады. Өңірдің озық шыққан ұстаздары «Мерей» статуэткасымен, Білім және ғылым министрлігінің, облыс және қала әкімдерінің грамоталарымен, қомақты ақшалай сыйлықпен, тіптен шипажайларға жолдамаға да ие болды, деп хабарлайды Baq.kz агентігінің өңірдегі тілшісі. Жалпы Қостанай өңіріндегі ұстаздарға көрсетіліп жатқан бұл құрмет өте лайықты деуге болады. Өйткені, қазіргі қоғамда елімізді алға жетелейтін білімді мен білікті мамандар. Ал, оларды дайындайтын еліміздің түкпір-түкпіріндегі еңбек етіп жатқан ұстаздарымыздың күш-жігерлерімен тікелей байланыста. Ұлы Ұстаз Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» деп тегін айтпаған. Болашақ ұрпақты біліммен сусындатып отырған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз, марапат мен құрметке де, мақтауға да лайық. «Сіздерді кәсіби мереке – мұғалімдер күнімен құттықтаймын! Қазақстанның дамуында білім маңызды рөл атқарады. Біздің ел заманауи әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін білімнің жаңа құрылымын құрды, сондықтан оны жоғары сапа деңгейінде игеру үшін барлық жағдай жасалуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз тиіс». Сіздерді күзгі айтулы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, игілікті істеріңізде шығармашылық табыс тілеймін», – деп салтанатты жиында ақжарма тілегін арнады қала әкімі Базыл Жақыпов. Жалпы Қостанай облысы білім саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізуде. Оның жарқын дәлелі өңірде білім ордаларынан түлеп ұшқан шәкірттер еліміздің беделді оқу орындарымен қатар, шет елдер де білімдерін жалғастыруда. «Жыл сайын Қостанай мектептерінің 90 пайыз түлектері республиканың беделді ЖОО білімдерін жалғастырады. Олардың әрбір үшіншісі мемлекеттік білім грантының иегері атанып отыр. Биылғы жылдың өзінде біздің оқушыларымыз интеллектуалдық олимпиадаларда 319, ал беделді шығармашылық байқаулардан 295 медаль иеленіп отыр. Бұлардың әрқайсысында ұстаздардың сіңірген еңбегі мен төгілген тері жатыр деп есептеймін», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Данагүл Сүйіндікова.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 

Көрудің саны: 27  

Жаңалықтар