САЛЫҚШЫЛАР СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуын ел алдына басты меже етіп белгілегені баршаға аян. Соған сәйкес, елімізде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Елімізде дүние жүзінің назарын аударған үлкен-үлкен халықаралық шаралар өткізілуде. Олардың бәрін тізбелемесек те, бір ғана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айтудың өзі-ақ әрбір азаматқа үлкен мақтаныш екені айқын. Алайда, осындай игі істерді атқаруда етектен тартатын кемшіліктер де кездеседі.

Азаматтар тұрмысының сапасын озық мемлекеттердегі деңгейге жеткізуді көздейтін мақсатты жолдағы басты кедергінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы орайда, мемлекет тарапынан жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылып жатыр. Десек те, бұл індет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін барынша тежейтіні белгілі. Сондай-ақ, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні мәлім. Бұлардың ішінде ең сорақысы, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетіп, сол арқылы мемлекетке қауіп төндіреді. Сондықтан ең бірінші кезекте адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі еш кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету қажет деп ойлаймыз. Неге десеңіз,  әлемнің ең дамыған отыз елінің өзгелерден басты айырмашылығы күнделікті қарым-қатынастардан туындайтын тұрмыстық жемқорлықты жойып, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта туғызғандығында екен. Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы да  күнделікті атқарып жатырған мемлекттік қызмет түрлерінің сапасына жауапкершілікпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Үкімет қолға алып  жатқан шараларға өз үлесін қосуда.

А.ЕРЖАНОВ,

Қармақшы ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

 

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде ара-тұра көрініс беріп келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті.Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз.  Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.   Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді? Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Қазақстанда экономиканы қазіргі уақыт талабына сай дамытуда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегия қабылданды.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

 

 

О.ҚҰЛҚАТОВ,

Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының      бас маманы.

 

Көрудің саны: 15  

Жаңалықтар