ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕН БЕРДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Елбасыға әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалану ар­қылы құрылып жатқан ха­лықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде мәлімделді.
Қазақстан Президентіне 2018 жылғы қаңтарда ашылатын «Ас­тана» халықаралық қаржы ор­талығының Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орта­лықтың нор­мативтік құжаттарын дайындау жұ­мысы аяқталғаны туралы баяндалды.
Сондай-ақ Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық­ты дамы­тудың негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, «Астана» ха­лықара­лық қаржы орталы­ғының жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы айтты.
«Астана» халықаралық қаржы орталы­ғының басқарушысы қа­зіргі уақытта Шан­хай қор биржа­сымен және Nasdaq Inc. ком­па­ния­сымен қаржы орталығын одан әрі қалыптастыруға және да­­мы­туға септігін тигізетін келі­сімдерге қол қойыл­ғанын атап өтті.
Елбасы ұсынылған есепті на­зарға алып, бірқатар нақты тап­сырма берді.

Айқын

Көрудің саны: 125  

Жаңалықтар