«ОНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӨТКІР, АЛ ЖҮРІСІ САЛИҚАЛЫ» — АРМЯНДЫҚ ФОТОГРАФ НАЗАРБАЕВТЫҢ СУРЕТІ ТУРАЛЫ

Армения басшысы Серж Сагсянның жеке фотографы Давид Агопян Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін жариялады.

Давид Агопян суретті Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі басталар алдында түсірген. Фотограф бұл суреттің ешқандай өңдеуден өтпегенін айтты.

«Бұл бөлмеге кірген кезде, жарық жоғарыдан адам басына түседі. Фотоаппарат диагфрагмасын жапсаң, суретте ортада тұрған адам ғана көрінеді. Сочи уақыты бойынша 20:30-да түсірдім», дейді Агопян.

Сонымен қатар, фотограф бұл суретті түсіруге бір жыл бойы дайындалғанын жеткізіп, ортада Серж Саргсянды бейнелегісі келгенін айтты.

«Армения президентін түсіру үшін арнайы күтіп тұр едім. Сөйтіп Нұрсұлтан Назарбаевты түсірдім. Жалпы суретке түсіру барысында күзетшілер мен өзге қызметкерлер кедергі келтірмесе – үлкен сәттілік. Бөлмеге бірінші болып Қазақстан президенті, артынан Владимир Путин, кейін Серж Саргсян кірді. Сол сәтте 10-15 кадр түсірдім.

Нұрсұлтан Назарбаев — ТМД ақсақалы. Оның көзқарасы өткір, ал жүрісі салиқалы. Сондықтан бұл сурет өте әдемі шықты. Армения президентінің фотографы болып істеген 7 жылдық тәжірибемде Нұрсұлтан Назарбаевтың біршама суреттері жиналды. Бірақ бұл суреттің орны ерекше екені айдан анық», дейді фотограф.

Бұл сурет әлеуметтік желілерде белсене тарап жатқанын айта кеткен жөн. Фотографтың мәлімдеуінше, оның Фейсбуктегі парақшасына қазақстандықтар көптеп достық ұсынуда

Егемен Қазақстан

Көрудің саны: 42  

Жаңалықтар