ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудандық білім бөліміне қарасты оқушылар үйінде латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді аудандық оқушылар үйінің директоры Әбдібекова Индира   Жанайдарқызы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.

Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті.

«Қт» ақпарат.

 

Көрудің саны: 701  

Жаңалықтар