ЕРЕКШЕ ӘСЕРГЕ БӨЛЕНДІ

Қызылорда қаласында өткен «Осал жастар топтарымен жұмыс жасау» атты республикалық семинар-тренингке қатысушы республиканың барлық деңгейдегі Жастар ресурстық орталықтарының директорлары Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болып, заманауи үлгіде салынған мұражайдағы экспонаттарды тамашалады. Жосалы кентінде орналасқан аудандық Жастар ресурстық орталығына да аялдап, орталықты аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров сөз сөйлеп, оны ұйымдастырушыларға шынайы ризалығын білдіріп, қонақтарға сый-сияпат көрсетті. Еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, қармақшылықтардың қонақжайлылығы мен пейілдеріне, жастар ұйымының жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқандығына куә болып, алғыстарын айтты.

Киелі мекеннің топырағына табандары тиіп, Қорқыт ата мемориалды кешенін аралаған жастар ерекше әсерге бөленгендерін жасырмады.

Г.ӘМІРҚЫЗЫ.

Көрудің саны: 102  

Жаңалықтар