ЕЛІҢ ҚУАТТЫ БОЛСА, БАҒЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛАДЫ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің қайта түлеудің маңызды екі процесі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға бастайтын ауқымды бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқанымыз баршамызға белгілі. «Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған күнінен бастап осы ауқымды істердің көш басында келеді. Қазір «Нұр Отан» жұмылдырушы, біріктіруші, нағыз елдік партияға айналды. Партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымдары құрайды. Солардың бірі — «Аэропорт» бастауыш партия ұйымы.

Бастауыш партия ұйымына №30 орта мектебі, КРЭК мекемесі, «Жұлдыз», «Айсұлу», Айгөлек», «Сардарбек» балабақшалары және аудандық жалпы білім беретін кешкі мектеп кіреді. Аталған партиялық топтарда 267 партия мүшесі жұмыс жасайды.

«Аэропорт» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің негізгі құрамының басым бөлігін мектепке дейінгі мекемелер және орта мектеп қызметкерлері құрайды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу өткен оқу жылынан басталғаны белгілі. Осы орайда, «Айгөлек» балабақшасы заманауи жаңа ғимаратқа көшіріліп, материалдық базасы нығайтылды. Сонымен қатар, №6 «Айсұлу» балабақшасына 800 мың қаржыға жаңа ойын алаңы салынды.

Бастауыш партия ұйымының мүшелері әр оқу жылы «Мектепке жол» акциясын демеушілердің көмегімен іске асырып келеді. Мектеп асханасынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан 125 балаға ыстық тамақ беріледі және олар киім-кешектермен қамтамасыз етіледі, оқу жылының соңында жазғы тынығу лагерлеріне жіберіледі.

Бастауыш партия ұйымының мүшелері білім саласының қызметкерлері ретінде еңбек нарығының мұқтаждарына, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағдар ұстанады. Осы тұста биыл 11-сыныпты бітірген 29 оқушының толық жоғары және арнаулы оқу орындарына түсті.  Атап айтқанда, 7 оқушы мемлекеттік білім гранттарын, 4 оқушы «Серпін» бағдарламасының грантын, 2 оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды. 4 оқушы ақылы негізде білім алып жатыр. Сондай-ақ, негізгі мектепті бітірген 4 оқушы «Баршаға арналған тегін кәсіптік білім» жобасымен ауданымыздағы аграрлық-техникалық колледжде оқиды.

Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Нұр Отан» нақты нәтиженің, істің партиясы атанып, елдің көңілінен шығып келеді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді халқымыз. Елмізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу алдымыздағы үлкен мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуы тиіс.

Ғ.ШАРАПАТОВ,

«Аэропорт» бастауыш партия ұйымының төрағасы.  

 

Көрудің саны: 51  

Жаңалықтар