ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТИІМСІЗ БЕ?

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТИІМСІЗ БЕ?

Ақтөбедегі барлық медициналық мекеме халықты тұмауға қарсы жаппай иммундауға кірісті. Өңір халқының биыл 10 пайызына екпе салынады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 28 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда, аймақ тұрғындары тұмауға қарсы екпенің тиімсіздігін айтып отыр. Қымбат вакцинаны салдырғандар былтыр бірнеше рет ауырған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  Ақтөбеде дәстүр бойынша тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы жаппай егу басталды. Биыл 84 320 ақтөбелік екпе алады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 28 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда, кей тұрғын «бұл ақшаны желге ұшыру» деп отыр. «Жыл сайын тұмауға қарсы егеді….

Толығырақ

АСТАНАДА ЖОЛАҚЫ 3800 ТЕҢГЕ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

АСТАНАДА ЖОЛАҚЫ 3800 ТЕҢГЕ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Өткен аптада Астана қаласының әкімдігінде өткен жиналыста қоғамдық көліктегі жолақы құнын 3 800 теңгеге дейін көтеру мәселесі қаралған. Алайда ОКҚ-де өткен брифингте қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов аталған мәселеге қатысты сұрақтарға жауап бере алмады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бекмырза Игенбердинов БАҚ өкілдерінің сұрағына нақты жауап бере алмады. Брифинг біткеннен кейін журналистер «3800 теңге деген қайдан шықты?» деп өз сауалдарын жолдады. «Бұл дөңгелек үстел барысында айтылған концептуалды тұжырым. Онда бізге қоғамдық көліктерді қаржыландырудың моделі мен цифрларын қараңдар деп тапсырма берілді. Қазіргі таңда жұмыс…

Толығырақ

АЛМАТЫДА ЖАҢБЫРДАН КЕЙІН БІРНЕШЕ КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

АЛМАТЫДА ЖАҢБЫРДАН КЕЙІН БІРНЕШЕ КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТІ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ

Алматыда кеше алғашқы қар жауған болатын. Қардың соңы жаңбырға ұласып, ол жаңбыр жаңа төсеген асфальтқа біраз зақым келтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. sputniknews.kz агенттігінің мәлімдеуінше Алматыда жаңадан төселген асфальт жаңбырға төтеп бере алмады. Жол төсемесі қаланың бірқатар көшесінде опырылып түсті. Бұрын Алматы көшелерін жаңбырдан кейін су басатын болса, ендігі кезде жаңбыр жол төсемесіне зақым келтіріп жатыр. Мысалы, Қалқаман-2 шағын ауданында Бәйкен Әшімов көшесінде төселген асфальт КамАЗ» автокөлігінің астында опырылып түсті. Сондай-ақ автокөлік иелері Яссауи көшесінің бір бөлігін айналып өтуге мәжбүр. Бұл жерде де асфальт бірнеше жерде төмен түсіп кеткен. Бұған дейін осындай оқиға…

Толығырақ

ТРАМП: СОЛТҮСТІК КОРЕЯМЕН КЕЛІССӨЗ — УАҚЫТТЫ ТЕККЕ ӨТКІЗУ

ТРАМП: СОЛТҮСТІК КОРЕЯМЕН КЕЛІССӨЗ — УАҚЫТТЫ ТЕККЕ ӨТКІЗУ

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонға Пхеньянмен ядролық бағдарлама туралы келіссөз өткіземін деп уақытты текке жоғалтып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ға сілтеме жасап. «Рекс, күшіңді сақта. Біз не қажет болса, соны істейміз», — делінген Трамптың Twitter-дегі жеке парақшасында. Өткен сенбіде Рекс Тиллерсон Вашингтон Пхеньянмен келіссөз өткізу жөнінде тікелей байланыс орнатуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Бірақ ол КХДР-дің диалог өткізуге аса құлықты емес екенін де алға тартқан болатын. Соңғы айларда АҚШ пен КХДР-дің арасындағы қарым-қатынас ушыға түскен. АҚШ Пхеньяннан ядролық және ракеталық қаруды жасауды тоқтатуды талап…

Толығырақ

АНАР ФАЗЫЛЖАН: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ «БІР ӘРІП — БІР ДЫБЫС» ПРИНЦПІ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК

АНАР ФАЗЫЛЖАН: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ «БІР ӘРІП — БІР ДЫБЫС» ПРИНЦПІ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын Мемлекет басшысы сол тоқсаныншы жылдардың басында-ақ айтқан болатын. Бұл идея 20 жылдан астам уақытта әбден пісіп-жетілді. Содан да болар, сәуір айында Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, онда латынға көшуді бастауды Үкіметке тапсырды. Елбасы айтқандай, тіл мамандары өздеріне артылған бұл міндетті көп созған жоқ. Шамамен 5 айдай уақыттың ішінде латынның қазақстандық нұсқасын әзірлеп шықты. Оны әзірлеген Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы Парламент депутаттарының қарауына биыл 11 қыркүйекте ұсынылған болатын. Алайда, бұл жоба қоғамдық пікірді сол күні-ақ…

Толығырақ

ЖЕРДІҢ КЕЗ КЕЛГЕН НҮКТЕСІНЕ 30 МИНУТТА ЖЕТКІЗЕТІН ӘУЕ КЕМЕСІ ҚҰРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ЖЕРДІҢ КЕЗ КЕЛГЕН НҮКТЕСІНЕ 30 МИНУТТА ЖЕТКІЗЕТІН ӘУЕ КЕМЕСІ ҚҰРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Әуе кемесінің құрылысы келесі жылы басталады. Америкалық бизнесмен әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы ол Аделаидада өткен Халықаралық ғарышкерлер конгресінде мәлімдеген. Сондай-ақ кәсіпкер Марсқа ұшып баратын кеменің құрылысы келесі жылы басталатынын атап өтті. Өнертапқыш бұл кеме BFR (Big Falcon Rocket) зымыраны деген атпен танымал екенін айтады. Ол осы зымыран туралы видеоны Instagram парақшасында да жариялады. «Бұрын ұзақ болған сапарлар енді жарты сағатқа ғана созылатын болады», — дейді ол. «Жердің кез келген нүктесіне…

Толығырақ

МЕКСИКАДА БАЛЫҚ ЖАУДЫ

МЕКСИКАДА БАЛЫҚ ЖАУДЫ

Мексиканың солтүстік-шығысында аспаннан жауынмен бірге балық жауды, деп мәдімдеді Тамаулипас штатының азаматтық қорғаныс басқармасы. Ерекше табиғи құбылыс Тампико қаласында тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. «Біраз жауын жауып өтті, жауынмен бірге аспаннан кішкентай балықтар да жауды», — деп хабарлады ведомство фейсбук парақшасында. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.   Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі…

Толығырақ

ЕЛІМІЗГЕ РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙДАН ЖЕТКІЗІЛГЕН 278,12 ТОННА ӨНІМ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЕЛІМІЗГЕ РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙДАН ЖЕТКІЗІЛГЕН 278,12 ТОННА ӨНІМ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Елімізге Ресей мен Қытайдан жеткізілген 278,12 тонна өнім кері қайтарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  2017 жылғы тамыз айының 26-нан қыркүйек айының 8-і аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қауіпі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнама бұзушылықтың 19 фактісі анықталды. Ресей Федерациясынан өнім 10 жағдайда міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз (қызанақ 10,2 тонна, картоп 21 тонна, қара өрік 0,04 тонна, қарбыз 0,5 тонна, күріш 0,1 тонна, банан 1,5 тонна, кебек 17 тонна, кесілген ағаш дайындамалары 50 текше метр),…

Толығырақ

ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДАН ЕНДІ СОТТАЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДАН ЕНДІ СОТТАЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

Қазірге дейін Қытай Халық Республикасынан келген қандастарымыздың Қазақстанда тұрақты тіркелуіне және азаматтық алуына басты кедергі болып келген құжат – сотталмағаны туралы анықтама енді талап етілмейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына толықтыру енгізіліп, аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 4 қыркүйекте №12880 болып қайта тіркелді. Яғни, осы Бұйрықтың 10-тармағындағы «азаматтығы тиесілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті…

Толығырақ

ГИГИЕНАЛЫҚ ДАЛАП ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН

ГИГИЕНАЛЫҚ ДАЛАП ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН

Ғалымдар гигиеналық далаптың қауіпті болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. Француз ғалымдары гигиеналық далаптарға зерттеу жүргізіп, олардың тең жартысында улы заттар бар екенін анықтаған. Тексеру жұмыстары Que Choisir тұтынушылар қызығушылығын қорғайтын француз тобының тапсырысы бойынша жүргізілген екен. Ғалымдар ірі косметика брендтеріне айналған әртүрлі фирмаға тиесілі ерінге арналған бальзамдардың 21 үлгісінің құрамын тексерген. Нәтижесінде олардың он шақтысының құрамында канцерогенді заттар бар екені анықталыпты. Гигиеналық далаптардың кейбір түрлерінде ағзаға түскен жағдайда бауыр мен лимфатүйіндерінің қабынуына соқтыратын көмірсутекке қаныққан минералды майлар табылған. Ескерту! Baq.kz сайтында жарияланған…

Толығырақ