ЗАҢ ЖОБАСЫН ЕНГІЗДІ

ЗАҢ ЖОБАСЫН ЕНГІЗДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заң жобасы Қылмыстық-про­цестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Про­куратура туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Олар тұтастай алғанда: – азаматтардың қылмыстық процесте қорғалу деңгейiн артты­руға және оның жазалау сипатын төмендетуге; – адвокаттардың процес­суалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға; – қылмыстық істерді тергеу тәр­тібін жеңілдетуге және қыл­мыстық процестің үнемді болуын қамтамасыз етуге;…

Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Қармақшы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Кұтыбаев жүргізді. Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Е.Кұтыбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен қаралған КҚ-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді. Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. 2017 жылдың маусым айында өзінің тұрғын үйінің ауласына құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған 21 түп сора өсімдіктерін ірі мөлшерде егіп-өсірген. Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген. Сот үкімімен, сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)-тармағымен…

Толығырақ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕУ САЛДАРЫ АУЫР

ҚР Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Яғни, адам мемлекетіміздің ең басты қазынасы болып табылатындықтан оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары заң жүзінде қорғалады. Ал, кәмелетке толмағандар, жасөспірімдер, бұл мемлекетіміздің болашағы, ұрпағымыздың жалғастырушылары болғандықтан олардың өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары ерекше қорғалуы тиіс. Заңдылықтың сақталуына ең жоғарғы қадағалауды жүргізетін, осы адамдардың өмірлері, құқтары мен бостандықтарын заң жүзінде қорғау, оның ішінде өзіне тиесілі құқықтарын өз бетінше пайдалануға қабілетсіз кәмелет жасына толмағандардың мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып…

Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҢ ӨТЕУІ- ТЕК ҚАНА ЖАЗА

Қармақшы ауданының тұрғындары А. есімді және Б. есімді адамдар, 2016 жылдың желтоқсан айының 01-күні түнгі сағат 02-лер шамасында, Жосалы кентінде орналасқан «Жібек жолы» дүкенінің алдында Х есімді азаматпен ерегісіп нәтижесінде, А. және Б. есімді адамдар Х. есімді адамға пышақ жарақатын салған. Алған дене жарақаттарының салдарынан Х. есімді азамат оқиға орнында қайтыс болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыстық іс бойынша Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары процесс прокуроры ретінде айқындалған. Процесс прокурорының қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан жоғары қадағалауды жүзеге асыру нәтижесімен қылмысқа қатысты тұлғалардың барлығы ҚК-тің…

Толығырақ

АУДАНДЫҚ СОТТА МЕДИАЦИЯ ЗАҢЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Қазақстан Республикасының 28.01.2011ж. «Медиация туралы» заңы қабылданып, заңға сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолдану саласы болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге…

Толығырақ