ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жақында Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде театр тарланы, режиссер, драматург Əмір Мажитовтың 80 жылдығына орай «Театр тарланы» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының фестивалі өткізілді. Қазақ өнерінің шоқжұлдызы Тұңғышбай Жаманқұлов, Қалила Омаров, Оңталап Нұрмахановтар қазылық жасаған байқауда Қармақшы аудандық мәдениет үйінің «Халық театры» Әмір Мәжитовтың «Мың асқанға бір тосқан» қойылымын сахналап, үздіктер қатарынан табылып, ІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлық иеленіп қайтты. Қойылымдағы үздік режиссерлік шешім мен шеберлік үлгісін көрсеткен,…

Толығырақ

ҮЛКЕН АРМАНДАР-ҮЛКЕН ІСТЕР БАСТАУЫ

ҮЛКЕН АРМАНДАР-ҮЛКЕН ІСТЕР БАСТАУЫ

Сыр елі халқы қашан да жыр десе ішкен асын жерге қойған. Иісі түркіге ортақ тұлға-Қорқыт абыздың жамбасы жерге тиіп, мәңгілік байыз тапқан Қармақшы жұртшылығының жырға деген пейілі мен көңілі алабөтен. Өткен ай қармақшылық өнерсүйер қауым үшін есте қаларлық болды. Мәдениет үйінің киелі сахнасында республикаға танымал жыршы, жыраулардың шығармалары орындалып, бір сәт ғажайып өнер мерекесіне айналды. Осы жыр фестиваліне Астанадан арнайы келген «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», әйгілі жырау, Сыр сүлейлерінің сұңғыла жалғасы Алмас Алматовпен сұқбаттасудың сәті түскен еді. -Алмас аға, киелі мекенге қош келдіңіз. Қазақтың ғана емес,…

Толығырақ

ҰСТАЗ — ҰЛЫ ЕСІМ

ҰСТАЗ — ҰЛЫ ЕСІМ

Бүгін елімізде ұзтаздар күні аталып өтуде. Осынау айтулы мерекеден Қостанай да шет қалған жоқ. Атап айтар болсақ, облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет сарайында жергілікті ұстаздардың құрметіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дауымова, Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, қалалық білім бөлімінің басшысы Данагүл Сүйіндікова, білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Зияда Ділдабековалар қатысып, мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтады. Өңірдің озық шыққан ұстаздары «Мерей» статуэткасымен, Білім және ғылым министрлігінің, облыс және қала әкімдерінің грамоталарымен, қомақты ақшалай сыйлықпен, тіптен шипажайларға жолдамаға да ие болды, деп хабарлайды Baq.kz…

Толығырақ

ҚОСНАЗАР ПАЛУАН

Эссе 1973 жылдың қыс айы. Біздің ауылдан 90 шақырымдай шамасында «Шаңырақты» деген жерде әкеміздің бажасы, Шөмекейдің Аспаны, Малбике аталығынан Дәмен баласы Дүзелбай ағамыз Қарақалпақстанның жылқысын бағып, қыстап отыратын. Бұл кісілерді Ізтелеу балалары деп атайды. Ізтелеу деген кісі Әму мен Сырдың арасында Қызылқұмды жайлаған өз заманында дәулетті, қол қайыры мол бай кісі болып өткен делінетін. Бүгінгі ұрпақтарынан да ырыс-несібе ортаймаған қонақжай әулет. Жылдағы кәдесі, әкемізге атаған соғым малын алуға қар басқан, ақ шағыл төбені етектей отырған қыстауларына қорапты машинамен келіп тоқтадым. Алдымнан Раушан апам шығып (нағашы апамыз) бетімнен сүйіп, үйге бастады….

Толығырақ

АЛМАСТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ

АЛМАСТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ

Елімізге белгілі жырау Алмас Алматовтың «Жыр керуені» кітабы өзінің шығармашылық жолының энциклопедиялық жинағы күйінде топтастырылған, айрықша еңбек. Өнерге келу, өсу жолдары мен бүгінгі елге танымал тұлғаның әр кезеңдердегі жеткен жетістіктері мен алдына қойған мақсат-міндеттері кезең-кезеңімен баяндалып, баспасөз беттеріне шыққан мақала, сыр-сұқбат күйінде өріліп отырады. Алыс шетел сапарлары мен халықаралық өнер бәйгесіндегі жыраудың алған белестері көркем тілмен өрнектеліп, оқырманды биік мақсаттарға жетелейді. Ал, «Шыңғыснама» атта еңбегі тарихи дастандар желісін құрайтын төрт кітаптың («Шыңғыснама», «Жошынама», «Алашнама», «Қазақнама») алғашқы томы. Көлемі 14784 жол. Тарихи дерек көзін «Моңғолдың құпия шежіресі» мен «Алтын шежіреден» (Лупсанданзан)…

Толығырақ

Темірден түйін түйген абыз ата

Тарихтың өткен кезеңдерін еске алмай,  болашақты болжау жаншақтық болар еді. Сондықтан Абыз атамыз Сәдуақастың жүріп өткен жолдары, еңбек еткен жерлері, басынана өткен аштық жылдары, алапат соғыстың салған жаралары жайлы кезекті мақала өзінен өзі сұранып тұрғандай. Кеңес үкіметі кезінде,  талай ауыл-аймақ, елді мекен аттарының бірнеше рет өзгеріске түскенін тарих беттерінен жақсы білеміз. Әржерде орналасқан  кішігірім ауылдарды біріктіріп, колхоз, совхоздар ұйымдастырылды. Ондай өзгерістер, ірілендіру саясаты Қармақшы жерінде айналып өткен жоқ.  Атамыз: «Қызыл жұлдыз», «Жаңа тұрмыс», «Молотов» елді мекендері біріктіріліп, әуелде “Молотов”  колхозы, кейінірек «Октябрь» совхозына айналды. «Жаңа жол», «Қызыл жар» – «Энгельс»…

Толығырақ

БIР ТАМШЫ СИЯ

Поэзия — жұмбақ та сырлы әлем. Ондағы құстар үнi, ағаштар сыбдыры жан сарайыңды рахатқа бөлеп, өзiнiң сұлу да жұмақ бағына жетелей жнеледi. Жүректен жарып шыққан нағыз жыр ғана жамағатқа жол тартып, ана сүтiндей алпыс екi тамырыңды иiтедi. Жыр әлемi — рухсыздықтан, жiгерсiздiктен, әлсiздiктен аулақ. Бүгiнде жан-жағымызда толып жүрген өлең көп—ау, бiрақ өмiрлiсi аз. Шығарма көп, шырындысы аз. Несiне жасырайық, қалтасы қалыңдар кiтап шығарғыш болып кеттi. Жә, қызғанып жатқанымыз жоқ. өнер — киелi. Соның киесiнен қорқып, қызғыштай қорғағанымыз бұл. Бiр жағынан сапасыз кiтаптардың аз уақытта жұрт жадынан өшiп, сөрелерде шаң басып…

Толығырақ

ЖАЗУШЫНЫҢ МАХАББАТЫ

ЖАЗУШЫНЫҢ МАХАББАТЫ

Талантты тұлғаның шығармашылығы ғана емес, біреуді жақсы көруі мен жек көруі, эмоциясы да ешкімге ұқсамайды. Олар шығармашылықта ғана емес, өмірде де ешкімді қайталағысы келмейді. Олар махаббаттың формуласын өздерінше іздеді… Толстойдың жары Толстойдың Ясная Полянадағы үйі мен Мәскеудегі үйінде болғанымда жазушының әйелінің өте ұқыпты, жинақы, үй шаруасына пысық болғанын байқадым. Жазушының екі үйіндегі тұрмыстық заттар, жазушының қолжазбалары, бәрі де Софьяның ұқыптылығының арқасында сақталған. Жазушының бөлмесіндегі бет сүртетін сүлгі кіршіксіз аппақ. Музей қызметкерінен «Мына сүлгімен жазушы бетін сүрткен бе, әлде соған ұқсас сүлгіні сіздер қойдыңыздар ма?» деп сұрадым. «Софья Андрейқызы тазалықты жақсы…

Толығырақ

БЕСЕУДІҢ ОЙЫ: РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

БЕСЕУДІҢ ОЙЫ: РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ

Белгілі әдебиеттанушы, сыншы Құлбек Ергөбек: Әдебиетіміздегі бір жаңа сөз болса, осы Рахымжан айта алып жүр-ау деп ойлаймын. Ол өзіне-өзі сын көзбен қарай алатын азамат. Оның жазған шығармасына баға бере алған жоқпыз әлі…», — депті бір сұхбатында. Рахымжан Отарбаев – оқырманын тапқан жазушы. Бүгін біз Рахымжан Отарбаевтың әдебиеттегі орыны, шығармаларының ерекшелігі, драматургияға әкелген жаңалығы, адами қасиеттері жайлы қаламгерлердің ортасына әдеттегідей бес сауалымызды тастаған едік. Оқып, ой бөлісе отырыңыздар! 1. Рахымжан Отарбаевтың қазақ әдебиетіндегі орнын қалай бағалайсыз? Сұраған РАХМЕТҰЛЫ, ақын: Жазушыны көзі тірісінде бағалау – бізде қалыптаспаған үрдіс. Алайда әлемдік әдебиет тәртібінде…

Толығырақ

ЗЕРЕ БЕЙНЕСІ ҚАЗАҚ САХНАСЫНДА

ЗЕРЕ БЕЙНЕСІ ҚАЗАҚ САХНАСЫНДА

Леонардо да Винчидің әжесі Лучия ди Пьеро Зози да Бакаретто болашақ суретшінің тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық қиялының шарықтауына әсер еткен жандардың бірі деседі. Лириканың шебері Михаил Лермонтовтың әжесі Елизавета Арсеньеваның да парасатты болғаны айтылса, жазушы Максим Горький әжесі Акулина Каширинаның тәрбиесіне қанып, жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен екен. Қазақ қоғамында да әже – ұлт дәстүрінің алтын арқауы, тәрбие бастауы болды. Әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс жолға салып, мейірімі мен тағылымды тәрбиесіне қандырып өсіретін ақ жаулықты әжелер қазақта аз болмаған. Әже образын біз көптеген әдебиеттерден, тарихтан көреміз. Шоқ жұлдыздай жарқыраған Шоқанның…

Толығырақ